• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Мұхамедиұлы: Елімізде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген (ВИДЕО)

А.Мұхамедиұлы: Елімізде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген (ВИДЕО)

14 Тамыз, 2015 12:31
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында халықаралық тәжірибе негізінде спортты дамытуға бағытталған құжаттар әзірленген, бұл құжаттарда елде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген, деп мәлімдеді ҚР мәденит және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ-да.

«Спорт Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше назарында. Дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті болатынын ескерген Мемлекет басшысы бұқаралық спорт қозғалысын дамытуды мемлекет саясатының стратегиялық бағытының бірі ретінде танып, Жолдауында 2020 жылға қарай республика тұрғындарының 30 пайызын дене шынықтыру және спортқа тартуды мақсат етіп қойды», - деді сөз басында.А.Мұхамедиұлы. 

Министрдің айтуныша, ведомсвто Ұлт жоспары «100 нақты қадам» ұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында халықаралық тәжірибе негізінде спортты дамытуға бағытталған құжаттар әзірленген, бұл құжаттарда елде бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген

«Тәуелсіздік жылдары біздің спортшыларымыз үлкен жетістіктерге жетуде, мәселен бүгінге дейін жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының 59 жүлдегері, 17 Олимпиада чемпиолны, 163 қазақстандық түрлі әлем чемпионаттарынжда жүлделі орындардан көріне білді», - деді А.Мұхамедиұлы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар