• Басты
  • «Астана ЭКСПО-2017» ҰК алматылық темірбетон конструкцияларын өндіретін зауытпен келісім шартқа отырды
14 Тамыз, 2015 14:32

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК алматылық темірбетон конструкцияларын өндіретін зауытпен келісім шартқа отырды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК темірбетон конструкцияларды, шпала мен тіреуіштерді өндіретін зауыт «БеНТ» АҚ-мен 45,9 млн. теңгеге келісім-шартқа отырды, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК алматылық темірбетон конструкцияларын өндіретін зауытпен келісім шартқа отырды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК басшылығы және бас мердігерлері Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Тауар өндірушілер ЭКСПО-2017 құрылыс алаңына өз өнімдерін жеткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Құрылыс нысандарынан шалғай орналасқанына қарамастан, Алматы облысының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 жобасына белсенді қатысуға ниетті. Олардың пікірінше, Қазақстанның басты құрылыс алаңына тауарларды жеткізу табыс табуғағана емес, сонымен бірге, еліміздің ұлттық жобасына атсалысуға мүмкіндік береді.

«Мен болат есіктердіжәне өртке қарсы конструкцияларды өндіретін Қазақстандағы ең ірі зауыттың атынан келіп отырмын. Біз нарықта 10 жылдан аса уақыттан бері қызмет жасап келеміз, осы уақыт ішінде өз саламызда көшбасшыға айналдық. Бүгінгі кездесу өте жемісті өтті. Біз ЭКСПО-2017 жобасы үшін арнайы әзірленген бастапқы эскиздерді, сызбаларды, түрлі дизайндарды дайындадық. Қазақстандағы әрбір өндіруші компания үшін ЭКСПО-2017  өзін танытуға мүмкіндік беретін көрнекі жоба деп есептеймін», – деп атап өтті «AlCom Engineering Group» ЖШС бас директоры Данияр Әлжанов.

Кәсіпкерлер құрылыстың бас мердігерлерімен ғана емес, сонымен бірге құрылыстың бас жобалаушысы «IT Engineering SA» компаниясымен және инвестор «Ренессанс констракшн» ЖШС-мен ( «Mega Plaza» сауда ойын-сауық орталығы) ынтымақтасу мүмкіндіктерін талқылады.

Алматы облысының тауар өндірушілері өз өнімдерінің артықшылықтары туралы ақпарат беріп, өнімдердің үлкен көлемін жеткізе алатындарын атап өтті.

«Кәсіпорын 2008 жылдан бастап жұмыс жасап келеді, төрт жылдан кейін біз заманауи жабдығы бар жаңа зауытты салып бітірдік. Қазіргі күні ол Қазақстанда өз сегментіндегі жалғыз кәсіпорын болып отыр. Өндіріс қуаттылығы ЭКСПО-2017 жобасына желдеткіш жабдықтың басым бөлігін жеткізуге мүмкіндік береді», - деді «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС коммерциялық директоры Радина Аширова.

Алматы облысындағы отандық тауар өндірушілерді тарту бойынша жұмыс жалғастырылуда.

«Астана «ЭКСПО-2017» ҰК және бас мердігерлер Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен бірқатар кездесулерді өткізіп қойғанын еске саламыз.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды