ҚР МСМ Қазақстандағы спорт саласының үздік қызметкерлерін марапаттады

14 Тамыз, 2015 12:13
Астанада ҚР мәдениет және спорт мининстрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен Қазақстандағы Спорт күніне арналған салтанатты шарада ведомсвто басшысы Қазақстандағы спорт саласының үздік қызметкерлерін марапаттады.

 «Спорттың дамуы тек қана сіздер мен біздер үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды. Ең бастысы, Қазақстан спортта өзін мойындатып келе жатқан мемлекет. Бұл біздің спортшыларымыз бен олардың жаттықтырушыларының, жалпы осы саладағы мамандардың ерең еңбегі», - деді министр.

Сонымен, С.Нұржанов, В. Шепотько, С.Сарқытов, Т.Бейсембаева, А.Бәкенов, Қ.Байқожаев, Б.Әміренов, А.Жолдыбаев, Г.Корчма, В.Новоселовтар «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісіне ие болды. Тағы 16 адамға  «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін тақты. 

Барлық жаңалықтар