«ҚазМұнайГаз»БӨ 2015 жылдың 6 айында 6 122 мың тонна мұнай өндірді

14 Тамыз, 2015 12:49
«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» («CCEL») және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, ҚМГ БӨ 2015 жылдың алғашқы алты айында 6 122 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,3%-ға артық, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға артық, яғни 2 722 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл өндірістегі ұңғымалардың тиімділігін арттыруға бағытталып жүргізілген геология-техникалық жұмыстарға байланысты.

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 1 385 мың тонна (тәулігіне 56 мың баррель) өндірді, бұл 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сәл кем.

Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 4 107 мың тоннаны құрады (тәулігіне 167 мың баррель), бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артық.

«ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы өндіру үлесі 2015 жылдың алғашқы алты айында 2 015 мың тоннаны (тәулігіне 83 мың баррель) құрады, ПҚИ компаниясында өндіріс қарқынының табиғи себептермен 10%-ға бәсеңдеуіне байланысты бұл 2014 жылдың осындай кезеңіндегіден 3%-ға кем, және өндіру жоспарына сәйкес», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар