- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да 92,5 мың спорт секцияларында 3,3 млн адам жаттығады – МСМ
ҚР-да 92,5 мың спорт секцияларында 3,3 млн адам жаттығады – МСМ
«Мәдениет және спорт мининстрлігі тарапынан сіздерді Спорт күнімен құттықтаймын. Елімізде қалыптасқан игі дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісі спорт күнін атап өтеміз. Бұл мейрам әр түрлі жастағы, түрлі саладағы азаматтарды, спорт, дене шынықтыру, белсенді және салауатты өмір салтын сүйетін адамдарды біріктіреді», - деді министр.
Оның айтуынша, Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» стартегиясында дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің ерекше қамқорлығында болу керек деп атап өткен болатын.
«Бүгінде республикада 125 кәсіби спорттык клуб жұмыс істейді. Бұл клубтарда қазіргі күні дене шынықтыру және спортпен 35 мың адам айналысады, оның ішінде шамамен екі мыңы ауылдық жердің тұрғындары», - деді А.Мұхамедиұлы.
Ведомсвтоның мәліметі бойынша, дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 3,3 млн адамды қамтитын 92,5 мың спорттық секция жұмыс істейді, оның ішінде 1,6 млн-ы ауыл тұрғындары.
Жалпы, республика бойынша 25,1 пайыз адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш мемлекетімізде 4 млн 300 мыңнан астам адам елдің дене шынықтыру-спорттық қозғалысына белсенді қатысады деген сөз
Ботагөз Айтжанова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері