- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қолдаудың аясында БҚО-ның шаруа қожалығы тамшылатып суаруды енгізді
Мемлекеттік қолдаудың аясында БҚО-ның шаруа қожалығы тамшылатып суаруды енгізді
Соңғы жылдары еліміздің ауыл шаруашылығы саласында, оның ішінде бау-бақша өнімдерін өсіруге бет алған кәсіпкерлер қатары көбейе түсті. Бүгінде Батыс Қазақстан облысында да бақша өнімдері өндірісін дамытып, өркендетумен айналысып отырған шаруашылықтар аз емес. Солардың бірі – Шыңғырлау ауданындағы картоп өсіруді жолға қойған «Гефест» шаруа қожалығы.
Шаруашылық соңғы жылдары картоп өсіруге ден қойған. Соған орай, биыл 300 тоннаға арналған өнім сақтайтын қойма да салынып, іске қосылды. Өткен жылы шаруашылық 10 гектарға ғана картоп ексе, биыл 25 гектар бақшалықтың 16,5 гектарына картоп салды.
«Өткен жылы бұл дақылдан 300 тонна өнім алып, ауданның екінші нанға деген сұранысының 30 пайызын жапты. Биылғы күздегі өнімнен картопқа деген аудан сұранысының 50 пайызын қамтуды жоспарлаған», - деді «Гефест» шаруа қожалығының басшысы Александр Рудь.
Жаңа технологиялық әдіске көшу «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның көмек-қолдауымен іске асқан. Кәсіпкердің айтуынша, жаңбырлата суаруға қарағанда, тамшылата суару экономикалық жағынан тиімді. Мысалы, жаңбырлата суарғанда бір маусымда 300 тонна су жұмсалатын болса, тамшылата суаруда 100 тонна су кетеді. Сонда тамшылата суаруда 200 тонна су үнемделеді деген сөз. Сондай-ақ су жүретін лентадағы тесіктерден ағатын су бақшадағы арықтарды аралап, рәсуа болмай-ақ, өскіннің тамыр тұсынан дәл тамшылайды. Яғни су босқа ысырап болмайды. Әрі мол су айдамайтын болғандықтан, дизель отыны да үнемді жұмсалады.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр