- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында наубайхана «БЖК-2020» бағдарламасы аясында нан тасымалдау үшін автокөлік сатып алды
Маңғыстау облысында наубайхана «БЖК-2020» бағдарламасы аясында нан тасымалдау үшін автокөлік сатып алды
Маңғыстау облысына қарасты Шетпе ауылындағы Гульчехра Махамбетованың наубайханасы қалыптағы бөлке нан, батондар, таба нан сынды нанның ондаған түрін, тәтті тоқаштардың сан аулан түрлері мен кондитерлік өнімдер шығарады. Наубайхана – облыс орталығынан 160 шақырым және аймақтағы өзге де елді-мекендерден шалғайда жатқандықтан, әлеуметтік маңызы зор кәсіпорын. Наубайхана өнімі аудан орталығының тұрғындарын ғана емес, мектептер мен бала бақшаларды қамтамасыз етеді. Тіпті 36,0 мың халқы бар Маңғыстау аудандағы елді мекендерге де нан апарады. Наубайханаға жоғары сұрыпты ұнды «Бейнеу астық терминалы» ЖШС әкеледі.
Осынау маңызды жұмыс «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқасында іске асырылуда. Алайда сан мыңдаған адамды нан өнімімен қамтыған наубайхананың жабдығы ескірген еді. Жедел кәсіпорынды жаңарту қажеттігі туындады. Осы себепті кәсіпкер Гульчехра Махамбетова несие алуға «Қазақстан халық банкі» АҚ филиалына жүгінеді. кәсіпкердің несиенің барлық сомасын алуы үшін жетпеген меншікті кепілзат бөлігі үшін «Даму» Қоры кепілдік береді. ажетті құждаттарды жинап тапсырған соң ол несиелендіруге рұқсат алады. Осылайша кәсіпкер жаңа наубайхана жабдығы мен нан таситын автокөлікке қол жеткізді.
Айта кетерлік жайт, ай сайын төленетін несие жүктемесін төмендету үшін Гульчехра сыйақы мөлшерлемесінің жартысын қайтаратын – субсидиялау құралын пайдаланды. Енді ол жылдығы 14% несиенің тек жартысын, 7% төлейді. Қалған соманы «Даму» Қоры арқылы мемлекет өтейді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері