- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық танкистер – «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты
Қазақстандық танкистер – «Танк биатлоны-2015» байқауының финалына шықты
«Алабино» полигонындағы жартылай финалдық жарыс екі сайыстан тұрды.
Бірінші «Эстафета» жарысын Қазақстанның танкистері қызыл танкте, ал Үндістандықтар – жасыл, Сербиялықтар – көк танкте және Армениялықтар – сары танкпен бастады. Екінші жарысты Ресей, Қытай, Тәжікстан және Қырғызстанның танкистері сайысқа түсті.
«Жарыс нәтижелері бойынша Ресейдің, Қытайдың, Қазақстанның және Сербияның танкистері финалға шықты», - деп жарыстың бас қазысы генерал-майор Евгений Поплавский хабарлады. «Ресейлік экипаждар эстафетада 73 минут 30 секунд нәтиже көрсетіп бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынды 77 минут 32 секунд нәтижемен қытайдың танкистері иеленді, үшінші болып 78 минут 18 секунд нәтижеде жарыс көрсеткен Қазақстанның танк экипаждары және төртінші орынды межелі жерге 83 минут 23 секундта жеткен сербтік әскери қызметшілер еншіледі», - деп атап өтті төрешілер.
Эстафетаның ережесіне сәйкес бір танк төрт шақырымды үш мәрте айналып өтеді. Жалпы әр топ сайыс бойынша тоғыз рет айналып өтуі немесе 36 шақырым жасауы тиіс болатын. Осы аралықта екі шептік атысты жүргізу қосылған. Бірінші учаскеде оқшашардан танкке қарсы қолдан жасалған гранатамен нысананы көздеді. Онда үш нысанаға да дәл тигізу қажет. Әр мүлт кеткен сәтке жазалау ретінде 500 метр айналып өту жүктеледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Танк биатлоны» байқауының финалы 15 тамыз күні өтеді. Жеребелердің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкистері төртінші жолда сары танктен бастайтын болады.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды