КО елдерімен өзара сауда 2014 жылы 21 млрд долл құрады – ҚР ҰЭМ

14 Тамыз, 2015 10:02
КО елдерімен өзара сауда деректері 2014 жылы 21 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ҚР ҰЭМ Сатистика комитеті.

Естеріңізге сала кетейік, «2009 жылғы 11 желтоқсандағы сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасы деректерін ұсыну тәртібі туралы хаттамаға» сәйкес Кеден одағы елдерінің уәкілетті органдары өзара сауда статистикасының деректерін өзектендіру жұмысын жыл сайын жүргізеді.

«Деректерді өзектендіруден кейін КО елдерімен өзара сауда деректері 2014 жылы 21 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 14,5%-ға кем, соның ішінде экспорт - 6,4 млрд. АҚШ доллары немесе 8,7%-ға көп, импорт – 14,6 млрд. АҚШ доллары немесе 21,9%-ға кем», – делінген хабарламада.

Ресей Федерациясына экспорт 6,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға көп, Ресей Федерациясынан импорт 13,8 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 23,2%-ға кем. .

Беларусь Республикасына экспорт 61,3 млн. АҚШ долларын құрады, 2013 жылмен салыстырғанда 5,2% көп, Беларусь Республикасынан импорт 0,8 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 10,8% көп.

Барлық жаңалықтар