• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматы облысында 5 институционалдық реформаның негізгі ережелерін талқыланды

Алматы облысында 5 институционалдық реформаның негізгі ережелерін талқыланды

14 Тамыз, 2015 09:46
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А. Коржова Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Министрліктің аумақтық бөлімшелерінің ұжымымен кездесу өткізіп, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған 5 институционалдық реформаның негізгі ережелерін талқылады.

Ведомсвтодан атап өткендей, Қаржы министрлігінің 100 нақты қадамда көзделген міндеттерді іске асыру бойынша атқаратын рөлі әңгіменің ерекше тақырыбы болды. «Фискалдық әкімшілендіруді жақсартуға байланысты қабылданатын шаралар бойынша, атап айтқанда кеден және салық қызметтеріне бірыңғай қолжетімділікті құру үшін фискалдық рәсімдерді интеграциялау бойынша, бір мезгілде орталықтандыруды, бақылау рәсімдерін біріздендіруді жүргізе және оны ауыртпалық орталығынан кезең-кезеңге ауыстыра отырып, тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту бойынша түсіндірмелер берілді», - делінген хабарламада.           

Сонымен қатар, мүлікті жария ету рәсімдерін оңайлату бойынша шараларды, қолданыстағы арнайы салық режимдерін реформалау бойынша ұсыныстарды талқылау жүргізілді

Н.А. Коржова қазіргі уақытта Қаржы министрлігі Астана қаласы және Ақмола облысының аумақтық бөлімшелерімен (ДСӘДМ, Астана қаласы және Ақмола облысының әкімдіктерімен қатар) функцияналдық шолу пилоттық жобасына қатысып отырғанын хабарлады. Бұл жұмыс басталған әкімшілік реформалардың логикалық жалғасы болып табылады. Осы жұмыстың күтілетін нәтижелері туралы – талап етілмеген функцияларды анықтау, қайталанатын функцияларды шектеу және кейбір функцияларды бизнес-секторға беру жөніндегі ұсыныстар бойынша интерактивтік режимде пікірлермен алмасты.

Бұдан басқа, Н.А. Коржова «Бірыңғай теңгерімді ұстаушы» жобасының іске асырылу барысымен танысты және жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру функциялары орындалатын объектілерде болды, Алматы қ. «Қаржы академиясы» АҚ филиалының ғимаратын және «Алтынкөл», «Жаркент», «Қорғас – Шығыс қақпасы» ХШМЫО (қазақстан-қытай шекарасындағы жолаушылар өткелі) бақылау-өткізу пункттерінің ғимараттарын көрді, мұнда «Қордай» кеденінен көшірілетін кеден қызметі қызметкерлерін орналастыру жоспарланып отыр.

Кездесуді аяқтай отырып, Жауапты хатшы Н.А. Коржова жаңа экономикалық жағдайда «Ұлт жоспары. Жүз нақты қадам» жоспарын орындау бойынша Қаржы министрлігінің алдында нақты міндеттер тұрғанын атап өтті. «Біз оларды іске асыруға тиістіміз. Әлемнің 30 дамыған елінің қатарына Қазақстанның кіруін қамтамасыз ету жолында әрбір қазақстандықтың үлесі бағаланатын болады», - деді ол.

Барлық жаңалықтар