• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясында өтетін «Өзара іс-қимыл-2015» оқу-жаттығуына қатысады

Қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясында өтетін «Өзара іс-қимыл-2015» оқу-жаттығуына қатысады

14 Тамыз, 2015 09:29
Биыл тамыздың 24-і мен 28-і аралығында қазақстандық әскери қызметшілер Ресей Федерациясының Псков қаласында өтетін әскери контигенттер мен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерінің мен арнайы мақсаттағы күштік құралымдарымен «Өзара іс-қимыл-2015» бірлескен оқу-жаттығуына қатысатын болады, деп хабарлады ҚР ҚМ.

Аталып өткендей, ҚР Қарулы Күштерінің атынан ҰҚШҰ ЖДҰК құрамындағы Аэроұтқыр әскерлерінің РХБҚ жеке батальоны қатысатын болады.

41495 әскери бөлімі Қапшағайдан Псковке кететін техникаларды тиеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуына 20-дан астам РХБҚ арнайы техника, сондай-ақ 70-ке жуық әскери қызметші тартылды.

Оқу-жаттығуға қатысушылар арасында Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстанның әскери қызметшілері бар.

Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады, атап айтсақ, дайындық кезеңі – ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерін жоғарғы әскери даярлыққа келтіру кезіндегі бөлімшелердің іс-қимылы, ҰҚШҰ мүше мемлекеттерді шоғырландыру ауданына қайта топтау. Бірінші кезең – бірлескен операцияны ұйымдастыру. Бұл кезеңде қатысушылар ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерінің бірлескен операцияларына қатысты шешім қабылдауды, бірлескен операцияларды жоспарлауды және өзара іс-қимылды ұйымдастыруды, оны жан-жақты қамтамасыз етуді және іс-қимыл барысын басқаруды, ҰҚШҰ ЖДҰК контигенттерін бірлескен операцияларға даярлауды пысықтайды.

Екінші кезеңде қарулы қақтығысты таратпау мақсатында ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштерінің контигенттерін басқаруды пысықтайды. Қарулы қақтығыстар өткен аудандарды шектеуге және тұрақты емес қарулы құралымдарды жоюға, жауапты аумақтардағы маңызды объектілерді күзетке алуға, жедел-іздестіру және арнайы іс-қимылдар ерекше назарға алынады. Сонымен қатар теміржол транспорттарының төтенше жағдайларын болдырмау, жерлерге радиациялық және химиялық барлау жасау, зардап шеккендер мен жеке құрамды, қару-жарақ пен техниканы арнайы өңдеу іс-қимылын пысықтайды.

Былтырғы жылы бұл оқу-жаттығу Қарағанды облысына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткенін айта кеткен жөн. Оқу-жаттығу барысында әскери контигенттер мен ҰҚШҰ Жедел ден қою ұжымдық күштері арнайы мақсаттағы күштік құралымдарын ұжымдық қауіпсіздік аумағында қолдану барысы пысықталған боалтын. Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстаннан оқу-жаттығуға әскери контигенттер, жедел топтар және арнайы мақсаттағы күштік құрылымдардан жалпы саны 3000-ға жуық адам тартылды.

Барлық жаңалықтар