- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қазақстанда электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форум өтеді
2014 жылы Қазақстанда электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форум өтеді
Екі ел арасындағы әріптестікті нығайту туралы құжатқа қол қойылды. Аталған құжатта тараптардың Е –үкімет саласында өзара тәжірибе алмасып, білімдерімен бөлісуі, сондай-ақ семинарлар мен дөңгелек үстелдерді бірлесе ұйымдастыруы, бірлесе жұмыс істеудің жаңа мүмкіндіктерін зерделеу және электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумды өткізуде өзара тығыз қарым-қатынас орнату көзделген.
Қазақстан Республикасындағы электрондық үкімет жобасының қарқынды түрде дамуына, сондай-ақ Ақпараттық коммуникациялық технологиялар жөніндегі халықаралық рейтингіде Қазақстанның жоғары көрсеткішке ие болуына орай Біріккен Ұлттар Ұйымы Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық форумды 2014 жылдың қазан айында Қазақстанда ұйымдастыру туралы шешім шығарды.
Электрондық үкіметті дамытуда жаңа әлемдік үрдістердің («smart government») пайда болуына орай Электрондық үкімет жөніндегі Ғаламдық Форумды өткізу туралы бастаманыБҰҰ көтерген болатын. Алғашқы форум 2012 жылы Сеулде өтті.
Форум биыл да Оңтүстік Корея елінде ұйымдастырылды және БҰҰ-ның қолдауымен Электрондық басқарудың теориясы мен тәжірибесі (ICEGOV) жөніндегі 7-халықаралық конференциясымен бірлестірілді.
Мемлекеттік құрылымдардың, іскер топтардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері – әлемнің 40 елінен жиналған 100 ден астам қатысушы Оңтүстік Корея елінің астанасында бас қосып, жаңа ақпараттық дәуірдегі электрондық үкіметтің ролі мен жаңа үрдістерді талқылға салып, өзара пікір алмасты. Басты тақырып – «Ақылды үкімет және қоғам: ашықтық, пікір алмасу, коммуникация және әріптестік».
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді