Ақмола облысында азық-түлік қауіпсіздігін тексеру акциясы өтті (Фото)

13 Тамыз, 2015 18:39
Ақмола облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мен санитарлық- эпидемиологиялық сараптау орталығы бірігіп «Қауіпсіз бақша мәдениеті», «Қауіпсіз үйдегі азық-түлік», және «Тұтынушылар құқығын қорғау» атты акция өткізді.

«Ақмола Медиа Орталығы» хабарлағандай, акция облыстағы 10 азық-түлік базарында және 20 сауда орнында жүргізілді.  

Акция барысында, зерттеуге барлығы тамақ өнімдерінен 2885 сынама алынып, оның 28 сынамасы немесе 0,9% талапқа сай келмейтіні анықталды.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының мамандары анықталған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әкімдіктер, ІІБ мен сауда нүктелері басшыларына арнайы хаттар жолдады», - делінген хабарламада.  

Барлық жаңалықтар