- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО аясында Қырғызстаннан Қазақстанға еңбек миграциясы ашығырақ болады – сарапшы
ЕАЭО аясында Қырғызстаннан Қазақстанға еңбек миграциясы ашығырақ болады – сарапшы
«Барлық экономикалық процестердегідей Қырғызстанның ЕАЭО-ға енуінде тәуекелдер бар, сарапшылар оны көбіне еңбек миграциясымен байланыстырады. Алайда біздің пайымымызша жағдай соншалықты қиын емес. Атап айтқанда, ЕАЭО-ға Қырғызстанның енуі еңбең ресурсы нарығын кеңейтеді және оларды тарту бойынша жаңа мүмкіндіктер береді. Оның үстіне, ЕАЭО аясындағы интеграция Қазақстанға Қырғызстаннан ағылатын еңбек миграциясын реттеу процессін ашығырақ етуге мүмкіндік береді», – деді Е. Хон.
Оның айтуынша, тағы бір аспекті Қырғызстанның ауылшаруашылығы өнімінің сапасының артуы және Қазақстанның азық-түлік базасының нығаюы.
«Ауыл шаруашылығы Қырғызстанның экономикасында едәуір маңызды рөл атқарады, 2014 жылы оның ЖІӨ-дегі 15% құрады. Уақыт өте келе экологиялық таза және қымбат емес өнімін жеткізуді арттыруы мүмкін, осылайша Қазақстанның азық-түлік базасының нығаяды», – деп атап өтті Е. Хон.
Сонымен қатар, Е. Хон атап өткендей, ЕАЭО-ға Қырғызстанның енуі Қазақстанға геосаяси мүдде жағынан алып қарағанда өте тиімді.
«ЕАЭО-ға Қырғызстанның енуі оңтүстік аймақтардың қауіпсіздігіне оң әсер етеуі мүмкін. Экономикалық жағдай жақсарып, халықтың өмір сүру деңгейі артқаннан кейін аймақтағы әлеуметтік-саяси шиеленіс тәуекелі төмендейді», – деп түйді сарапшы.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады