- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізуге кірісті
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізуге кірісті
«Микросюрфейсинг жол жабындысының бірқатар ерекшеліктері бар: суды сіңірмейді, жол сораптарын болдырмайды, жолдың пішінін түзейді, автомобиль көлігініңқозғалыс барысындағы шуылын азайтады. Аталған жол жабындысы ауыр салмақтың түсуіне төзімді келеді және 5 жылға дейін жөндеу жұмыстарын қажет етпейді», - деп хабарламада нақтыланған.
«Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін, яғни сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде күрделі жөндеу жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі»,-деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.
Микросюрфейсинг жабындысы еліміздің климаттық жағдайы әр түрлі болп келетін 3 облысында: Атырау облысындағы «Атырау -Астрахань» автожолының 18 км-де, Алматы облысындағы «Алматы-Бішкек» автожолының 10 км-де, Ақмола облысындағы «Астана қаласының оңтүстік айналма жолының» 10 км-де сыналып жатыр.
Сынақ қорытындысы оң нәтиже берген жағдайда 2014 жылдың көктемінде Микросюрфейсинг жабындысын еліміздің жолдарында кеңінен қолдану басталады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы