- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан студенттеріне Қарағанды облысында «Хан Қорық» тарихи фестивалі дайындалуда
Қазақстан студенттеріне Қарағанды облысында «Хан Қорық» тарихи фестивалі дайындалуда
Қазақстан ұлттық географиялық қауымдастығы директорының ғылыми және халықаралық жобалар жөнiндегi орынбасары Сәулет Сәкеновтың айтуынша, алғаш рет өткізіліп отырған шараға негізінен Ұлттық жəне Мемлекеттік университеттердің археология, тарих, этнография, мəдениеттану жəне журналистика мамандығында білім алып жатқан студенттер қатыстырылады.
«Жастар фестивалiне Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан барлығы жетi университеттiң студенттерi қатысатын болды. 17 тамыз күнi фестиваль қатысушылары Астанадан Жезқазған қаласына жолға шығады. Қарағандыға тоқтап, бiраз зерттеушiлердi ертiп аламыз. Жезқазғанға жеткен соң лагерь тiгiп, келесi күнi фестиваль жұмысын бастаймыз. Фестиваль басталған күнi жастарға тұсаукесер салтын көрсетiп, баланы атқа мiнгiземiз. Фестивальдiң екiншi күнi толықтай Ұлытау өңiрiн тануға, яғни, танымдық экспедицияға арналады. Жастарға Ұлытаудағы қасиеттi мекендердi көрсетiп, тарихи орындардың сырын айтамыз. Үшiншi күнi студенттердiң конференциясын өткiзiп, жастар арасында киiз үй тiгуден жарыс өткiземiз. Бұл студент жастарға өте қызықты жарыс болады деп ойлаймын, себебi, студенттердiң арасында киiз үй тiкпек түгiлi, оны өз көзiмен көрмегендер де бар шығар. Ал, фестиваль аяқталатын күнi Ұлытаудағы қасиеттi шыңға шығамыз, Алтын шоқыға барып, сол жерлердiң тарихымен танысатын боламыз», - деді сөз басында С.Сакенов.
Оның айтуынша, фестиваль аясында студенттердiң ғылыми конференциясы өткiзіледi. Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы тарапынан спикерлер баяндама жасайды.
Айта кетерлік жайт, бүгінде а фестивальға қатысатынын 88 адам, яғни, жастар растап отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді