• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорскта қыркүйекте көкеністерді өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысы басталады

Степногорскта қыркүйекте көкеністерді өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысы басталады

13 Тамыз, 2015 17:26
Степногорскта қиыр, қызанақ пен салат жапырақтарын өсіруге арналған жылыжай кешенінің құрылысы жоспарлануда, деп хабарлады деп хабарлады Ақмола облысы ІСБ жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».

Аталмыш жобаны Астананың «ORIGINALpro»ЖШС жүзеге асырмақшы.

Аталып өткендей, бұл жоба жақында ғана қала әкімі Әнуар Құмлекеевтың төрағалығымен өткен Қалақұрылысы кеңесіннің отырысында мақұлданды.

Компания өкілі Ольга Быкованың айтуынша, ЖШС-ның ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі бар. Жобаны Степногорск ЖЭС жақын жерде жүзеге асыру жоспарланған, осылайша жылу тасымалдау барысында үнемдеуге мүмкін болады. «Жобаның жалпы құны 1 500 млн теңге. Құрылыс 12 айға созылады, ал өзі 2015 жылдың қыркүйегінде басталады. Құрылыс барысында 30 жұмыс орны ашылса, жылыжай кешені пайдаланылуға берілген соң  тұрақты 100 жұмыс орны болады», - деді ол.

Жылыжай кешені жылына 3 мың тонна көкеніс өндіреді немесе қаржылай 600 млн теңгеге жуық. 

Барлық жаңалықтар