Қазақстанда жыл басынан бері санитарлық авиация 1412 ұшырылым жасады

13 Тамыз, 2015 15:49
Медициналық қызметтер көрсету мақсатында Республикалық санитарлық авиация орталығы 2015 жылдың 7 айында 1412 ұшырылым жасады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ұшырылымдар саны 332-ге немесе 24% артты, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, барлығы 1783 медициналық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 1347 науқас тасымалданып, 335 кеңес берілді және 101 ота жасалды. 

Тасымалданған науқастардың 65% облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 25% Астана мен Алматы қалаларында орналасқан республикалық емдеу орталықтарына жеткізілді. 6 науқас шетелдерден елге әкелінді.

Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті. Сонымен қатар, осы кезеңде 14 мәрте донорлық органдар тасымалданды. 

Барлық жаңалықтар