• Басты
  • Жаңалықтар
  • ХҚТУ Ұлт жоспарының білім саласындағы реформаларын іске асыруда белсенді атсалысуда

ХҚТУ Ұлт жоспарының білім саласындағы реформаларын іске асыруда белсенді атсалысуда

13 Тамыз, 2015 12:54
Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Жоғары білім беру саласында Президенттің реформаларын іске асыруға белсенді қатысады, деп хабарлады Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Уалихан Әбдібеков ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Жоғары білім беру саласында Президенттің реформаларын іске асыруға белсенді қатысады . 78 қадамды  іске асыру мақсатында ХҚТУ-де 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес құрылды», - деді сөз басында президент У.Әбдібеков.

Ол атап өткендей, университтеттің кадемиялық дербестігін кеңейту мақсатында 2015 жылғы сәуірде факультеттердің барлық декандары Түрік жетекші ЖОО-серіктестермен ынтымақтастық келісім шартына отыру үшін шетелге қызметтік іс-сапарға жіберілді, және Англияның жетекші ЖОО-да екі апталық біліктілігін көтеру курсын өтті.

«Ұлт жоспары «»100 нақты қадам» бағдарламасының 79 қадамын іске асыру мақсатында ХҚТУ жыл сайын  ҰБТ, КТ қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған, алайда Foundation дайындық курстарын оқу үшін мемлекеттен грант алмаған 500 абитуриентті қабылдайды», - деді ол. 

Барлық жаңалықтар