ҚР ИДМ шағын қалалар маңында геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуде

13 Тамыз, 2015 16:51
Инвестициялар және даму министрлігі Жезқазған, Сәтпаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың жандандырылғанКешенді жоспары шеңберінде геологиялық барлау жұмыстарын күшейтуде, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі.

2015 жылы мемлекеттік тапсырма шеңберінде «Қазгеология» АҚ-қа Ұлттық қор қаражатынан 1 млрд. теңге сомаға 10 жобалар бойынша іздестіру және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Қазгеология» геологтары Қарағанды облысыАлтыншоқыучаскісінде ZTEM әдісімен аэрогеофизикалық жұмыстарды аяқтады. Жұмыстар 496,2 бойлық кмаумақта жүргізілді. Келешекті аномалиялар анықталды. Алтыншоқы кен орны орналасқан телімнің оңтүстік бөлігіндегі аномалияда 800 метр тереңдікте іздестіру ұңғымаларын бұрғылау басталды.

ZTEM әдісі– табиғи электромагниттік өрістің индукциялық жүйесі, дәстүрлі шағын (бірінші жүздеген метр) және орташа (бірінші шақырымдар) тереңдіктерде пайдалы қазбалардың кен орындарын іздестіруге арналған.

Сонымен қатар, Итауызкен орнының оңтүстік флангісінде бұрғылау жұмыстары аяқталды. 1655,1 бойлық метр бұрғыланды. Қазіргі уақытта іздестіру ұңғымаларының керніне геологиялық құжаттама мен фото құжаттама жүргізілуде.

Бұдан басқа, геологтар Сарыадыр учаскесінде далалық геологиялық барлау жұмыстарын жалғастырылуда. Қазіргі уақытта мұнда палеозой іргетасының жыныстарын және көмілген геохимиялық аномалияларды зерттеу мақсатында іздестіру-картирлеу бұрғылауға 5 заманауи бұрғылау агрегаттары жұмыс жасауда.

Қарағанды облысының Керей-Опар және Тасты учаскесінде«Phoenix Geophysics» канадалық компанияның көп атқарымдық жабдығымен электр барлау жұмыстары басталды.Жұмыстар сымсыз өлшеулер және спутниктік GPS-арнасы бойынша жүйенің барлық блоктарының уақытын синхрондауды қолданумен TDIP технологиясы бойынша жүргізілуде.Зерттеулердің жобалық тереңдігі 400 метр құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы шетелдік инвесторлармен бірлескен жобалар шеңберінде («Rio Tinto»«KORES», «ILUKA», «ULMUS FUND») Қорғантас, Балхаш-Сарышаған, Бесшоқы, Дүйсембай, Солтүстік Қазақстан облысында үш учаскісінде геологиялық барлау жұмыстары басталды. 2015 жылға арналған шетелдік инвестициялар көлемі шамамен 1 млрд. теңге құрайды.

Барлық жаңалықтар