• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Алматы желдеткіш зауыты ағылшын компаниясымен серіктес бола отырып өнім түрлерін арттырады

ИИДМБ: Алматы желдеткіш зауыты ағылшын компаниясымен серіктес бола отырып өнім түрлерін арттырады

13 Тамыз, 2015 16:04
Алматы желдеткіш зауыты (АЖЗ) қазақстандық кәсіпорны мұнай газ саласы, теңіз платформасы және атом өнеркәсібіне арналған желдеткіш жабдықтардың әлемдік көш басшысы - «NSV» ағылшын компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп ҚР ИДМ NADLoC баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, Алғашқы рет, Қазақстан аумағында осындай деңгейдегі және масштабтағы өндіруші біздің мамандармен тәжірибе бөліседі, соның арқасында «АЖЗ» өнімдерінің тізбегі 50 атаудан 70-ке дейін кеңееді.  Және де, оқшаулауды жергілікті деңгейде өткізу жоспарлануда,  бірінші партияны 2016 ж. ТШО жобасы үшін жеткізеді.  

Тараптар атап өткендей, каспий маңындағы аумақта осындай құзыреті бар өндірушінің пайда болуы қазірдің өзінде Иранға, Әзірбайжанға және Ресейге «Қазақстанда жасалған» логотипімен болашақта жеткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Агенттік қазақстандық өндірушілерге консультациялық қызметтер, ірі жобаларға жергілікті өндірушілерді тарту бойынша көмек көрсетеді. Келіссөздер және кездесулер нәтижесінде қазақстандық өнімдерді жеткізуге арналған келісімшарттар жасалған болса, онда біздің компаниялар сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті», - деді «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ (ИДМ) Төрағасы Қайрат Бектүргенев.

«Біз бұл мақсатқа көптен бері ұмтылып келе жатырмыз және жақсы нәтижеге жетуге жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі агенттік «NADLoC» және  UKTI бірлесіп  ұйымдастырған Қазақстан-Британ форумына қатысып,  «АЖЗ» базасында бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол жеткізілді. Біз үшін бұл үлкен мәртебе, өйткені, ағылшындық серіктестер жоғары технологиялар саласында тәжірибемен және әлемдік деңгейдегі құзыретпен бөліседі», - деп атап өтті «Алматы желдеткіш зауытының» Президенті Марат Баққұлов.       

Естеріңізге сала кетейік, NSV компаниясы Солтүстік теңізде мұнай және газ өнеркәсібінде жұмыс жасау үшін құрылған.   Компания өзінің инновациялық шешімдерімен белгілі; бүкл әлем бойынша теңіз және жағалау клиенттеріне арналған жүйелерді жобалау, өндіру, орнату және қызмет көрсету.

"АЖЗ" (Алматы желдеткіш зауыты) қазақстандық кәсіпорны  2008 ж. құрылды. Қызметінің негізгі бағыты – ғылыми-өндірістік: климаттық техникаларды әзірлеу, өндіру және жүзеге асыру. Жабдық ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізіледі, азаматтық және өнеркәсіптік нысандарда қолданлады.   Қазіргі кезде  "АЖЗ" жалпы Қазақстаның азаматтық және өнеркәсіптік құрылысының  70% дейін қамтамасыз етеді. 

Барлық жаңалықтар