- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары: Сот жүйесін оңтайландыру – азаматтардың әділетке қол жеткізуін жеңілдету
Ұлт жоспары: Сот жүйесін оңтайландыру – азаматтардың әділетке қол жеткізуін жеңілдету
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, Сот Жюриінің төрағасы М.Шегенов, Астана қалалық сотының судьясы, Сот Жюриінің хатшысы Р.Жакудина, Ақтөбе облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Д.Әбдәлі, облыс төрағалары мен судьялары қатысты.
Жиынды ашқан Ақтөбе облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Д.Әбдәлі өз сөзінде Ұлт Жоспарының 16-шы қадамы бойынша азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі сатыларын оңтайландыру, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшу қарастырылғандығын айтты. «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде сот жүйесінің алдына кассациялық сатыны облыстан ҚР Жоғарғы Сотының құзырына ауыстыру міндеті қойылды. Бұл өз кезегінде Жоғарғы Сот штатының көбеюіне алып келеді», - деді ол.
«2020 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес сот іс жүргізуіне қатысушы азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету Ата заңымызда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау басты құндылық ретінде көзделгендіктен, сот-құқықтық реформасы дамуының басты бағыты болып табылады. Үш сатылы жүйеге көшу сот сатыларын оңтайландырып, төрелігінің сапасын арттырып, сот ісін жүргізуді және шешімдердің орындалуды тездетеді», - деп толықтырды Д.Әбдәлі.
Бұл орайда аймақтардағы Фемида қызметкерлері қатарынан Жоғарғы Сот судьясының лауазымына қатаң іріктеу өткізілетінін түсінген жөн.
«Облыстық сот судьялары қатарынан Жоғарғы Сот судьясы лауазымына іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. ҚР Жоғары Сотына судьялық лауазымға үміткерлердің 5 жыл облыстық сотта, жалпы 10 жылдық судья қызметіндегі жұмыс өтілі және кәсіби қабілеті жоғары болуы міндетті», - Сот Жюриінің төрағасы М.Шегенов.
Кеңес соңында кадрларді іріктеу комиссиясы орталық аппаратта қызмет етуге ниет білдірген үміткер судьялар мен сот қызметкерлерімен әңгімелесу өткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді