Ақтөбеде ҚР Конституциясының 20-жылдығына арналған конферения өтті

13 Тамыз, 2015 11:53
Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл толғанына орай елімізде маңызды мейрамын аталғалы отыр. Осы мереке шеңберінде Ақтөбе облыстық мәслихаты «Нұр Отан» партиясымен бірігіп конференция ұйымдастырды.

ІСБ хабарлағандай, конференцияға елімізге танымал - зиялы қоғам қайраткерлері, облысымыздың Құрметті азаматтары, облыстық мәслихаттың бірінші – бесінші шақырлымдарының депутаттары, қала және аудандық мәслихат хатшылары, сайлау комиссияларының төрағалары, сот, прокуратура және әділет органдары, мемлекеттік мекеме басшылары, саяси партиялар мен мемлекеттік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференция «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арнап түсірген филімнің көрсетілімімен басталды. Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы өзінің сөзінде атап өткендей,  біздің елімізде маңызды қасиеттер - Қазақстанның көп ұлттылық және ұлтаралық келісім секілді факторлар  басым  және   20 жыл бойы ұстанған Конституциямыз бұл қағиданың тиімді атқарылып жатқанына дәлел.

Конфиренция соңында Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін және еліміздің қоғамдық –саяси өміріндегі игілікті істері мен белсенділіктері үшін Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл және алғыс хаттармен бірнеше қоғамдық қайраткерлер марапатталды.

Барлық жаңалықтар