- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Атырау қаласында оптикалық кабель өндіру зауыты ашылды
ИИДМБ: Атырау қаласында оптикалық кабель өндіру зауыты ашылды
Рәсімге Атырау облысының әкімі Б.С. Ізмұхамбетов, ҚР Парламент Сенатының вице – спикері Кайрат Ищанов, Атырау қаласының әкімі Нурлыбек Ожаев, зауыт басшылары, АО «RBK Bank» өкілдері мен әлеуетті өнім сатып алушылар қатысты.
Жоба аймақтық индустриаландыру картасы аясында жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар зауыт «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында субсидияланды (пайыздық мөлшерлеменің 7% мемлекет өтейді). Қаржыландырушы банк - АО «RBK Bank».
Жобаның негізгі мақсаты Республиканың батыс аймағында талшықты – оптикалық кабельді игеру және өңдеу болып табылады. Кабельдік өніммен мемлекеттік мекемелер және көлік, телекоммуникация, мұнай және газ мекемелері қамтамасыз етілетін болады.
Аталып өткендей, бұл зауыт, облыстың 50 тұрғынын жұмыспен қамтамасыз етпек. Жобаның құны 715 млн. теңге. Бір ауысымдық жұмыс уақытында жобаның қуаттылығы – 4500 шақырым болса, үш ауысымдық жұмыс уақытында 11 000 шақырымға дейін өседі деп жоспарлануда. 2017 жылы құрамында мыс қосылған кабель өнімдерін шығару үшін қосымша цехтар құрылысы жоспарланып отыр.
Зауыттың ашылу салтанатында ТОО «ПКФ Континет КО ЛТД» директоры Семен Хван және Атырау политехникалық коледжінің директоры Бакыт Шеркешбаева колледж студенттерінің біліктілігін арттыру және жұмысқа орналастыру мақсатында өзара Меморандумға қол қойды. Айта кетсек зауыт жұмысшыларының басым көпшілігі колледж студенттері болып табылады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Мұнай-газ өндіру мәселелері -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
ТЖМ: Өрт қауіпсіздігі, елдімекендердегі өрт сөндіру бекеттері және алдын алу шаралары