• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында сайланған әкімдердің 95%-дан астамы «Нұр Отан» партиясының мүшесі

Ақмола облысында сайланған әкімдердің 95%-дан астамы «Нұр Отан» партиясының мүшесі

24 Қазан, 2013 09:05
Ақмола облысы бойынша сайланған 247 қала, аудан орталықтары мен ауыл әкімдерінің 95%-ы «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Сайланған 247 әкімнің 188-і бұрынғы әкімдер, 26-сы мемлкеттік кәсіпкерлікте, мекемелерде, ұйымдарда жұмыс істегендер, 9-ы әкімдік аппаратының қызметкері, 18-і мемлекеттік емес сектор өкілдері, 6-ы өзге де қызметте болғандар. Осылардың 236-сы «Нұр Отан» партиясының мүшесі», -делінген хабарламада.

Осыған қоса, сайланған әкімдердің ішінде 40 әйел әкім бар.

Сайлауға жалпы 700-ден астам үміткер қатысқан. Олардың орташа жас көрсеткіші 43-46 аралығында.

 

 

 

Барлық жаңалықтар