- Басты
- Жаңалықтар
- Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында 4%-ға өсті – ҚР ҰЭМ
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында 4%-ға өсті – ҚР ҰЭМ
2015 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 7944 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,2% артық.
Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,2%, өңдеу өнеркәсібінде 0,8% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 1,5%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 9,5% төмендеді.
Ал, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2015 жылғы қаңтар-шілдеде 804,4 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-шілдедеге қарағанда 2,9% артты.
«Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,7%-ды құрады.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 282,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 6,4% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 143,9 млрд. жкм құрап, 3,2% артты.
Сонымен қатар, 2015 жылғы қаңтар-шілдеде «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,8%-ды көрсетті. Ал, «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,0%-ды құрды. 2015 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда көлемі 3328,2 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 2,9% өсті.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде көтерме сауда көлемі 8490,3 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,4% артты.
2015 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 354508 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 345466 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 217381-ді құрады, оның ішінде 208650 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары