- Басты
- Жаңалықтар
- ЕҰУ-да 2700 грант иегері білім алады
ЕҰУ-да 2700 грант иегері білім алады
Аталып өткендей, Еуразия ұлттық университетін 254 автономды білім беру ұйымдарының түлектері мен 1307 білім беру грантын алуға артықшылық құқығы жоқ тұлғалар таңдады.
Грантқа ауылдық квота бойынша түскендер саны 362 адамды құрады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 33, І және ІІ топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалар үшін 12 орын бөлінген. Сонымен қатар, гранттықтардың ішінде қазақ диаспорасының 30 өкілі де бар.
ЕҰУ-ға тиесілі мемлекеттік білім беру грант санының көбісі техникалық және технологиялық мамандықтар - жалпы грант санының 68% құрайды. Республика көлемінде алғанда бұл көрсеткіш мемлекеттің техникалық әрі технологиялық мамандықтарға бөлген грант сандарының 14% құрайды, бұл салыстырмалы түрде алғанда ең жоғары көрсеткіш болып саналады.
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы - 2 орындауының шеңберінде үкіметтік шешімнің негізінде 10 базалық жоғары оқу орындары тізіміне кіреді және «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкциясын өндіру», «Ғарыштық техника и технология» мамандықтары бойынша болашақ мамандарды даярлауда ат салысып келеді. Бұл мамандықтар үшін ЕҰУ-ға 210 және 130 орын бөлінді.
Жоғары оқу орын басшылығы биыл студенттік жастардың сапалық құрамына да ерекше көңіл бөлді. Құқықтану, халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент мамандықтары бойынша өту ұпайы 70-тен 80 баллға дейін өсті.
Ең бастысы, магистратураға алғаш рет мемлекеттік тапсырыс бойынша 1006 орын бөлінді (985 - өткен жылы) және былтыр ақылы негізде 128 магистранттар түссе, биыл олардың саны 200-ге жетеді деген болжам бар. Докторантураға мемлекеттік тапсырыс бойынша (ақылы негіз жоқ) 91 адам оқитын болады (өткен жылы 70).
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай