- Басты
- Жаңалықтар
- Нью-Йоркте «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі көрсетілді (ФОТО)
Нью-Йоркте «Қазақ хандығына 550 жыл» фильмі көрсетілді (ФОТО)
Фильм ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих тоғысында» атты кітабы негізінде жасалған. Картинаны көрсету Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығын мерекелеуге байланыстырылды.
Фильмнің алғашқы бөлімі қыпшақ және армян мәдениеттерінің өзара тығыз қарым-қатынасының тарихына арналған, оның нәтижесі ортақ тілдің таралуы болды. Фильмнің әрбір сериясы 1465 жылы Қазақ хандығы туындауынан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі қазақ халқы тарихының жекелеген кезеңдері туралы баяндайды. Фильм Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси рөлін жарқын сипатта және жан-жақты ашып көрсетеді. Картинада шетелдерде жұмыс істеген қазақстандық ғалымдардың, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері көрініс тапқан.
«Фильм ағылшын тілінде көрсетілді. Тұсаукесерге Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Әбдірахманов, ҚР-дың Бас консулы Раушан Есболатова, сондай-ақ олардың Нью-Йоркте тіркелген әріптестері қатысты», - делінген хабарламада.
Шетелдік дипломаттар және шетелдік қонақтармен қатар аталған іс-шараға «Muse Films» киностудиясының президенті Карл Клатцты, «Cinema Tropical» президенті Карлос Гутиересты, «Seagull Films» студиясының негізін қалаушы және президенті Алл Верлотскиді, «Kino Lorber» киностудиясының қоғамдық байланыстар жөніндегі вице-президенті, белгілі киносыншы Эрик Конды, Фильмдерді ілгерілету жөніндегі агенттіктің негізін салушы Софи Глакты қоса алғанда, АҚШ киноиндустриясының өкілдері, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар, ғалымдар, АҚШ-тағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Аталып өткендей, фильм американдық аудиторияның үлкен қызығушылығын туғызды. Іс-шараға қатысушылар Нью-Йоркте фильмді толық көлемде көрсету жалғасатынына үміт білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді -
Stop Musor: «Қазақстан қалаларын қоқыс басып барады» -
МӘМС: Кімдер тіркелді, халыққа қандай көмек көрсетілді және қордың пандемия кезіндегі жұмысы -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
«Birgemiz: Bilim» жобасы: Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстарындағы ауыл балаларына қолдау көрсетілді