- Басты
- Қызылордада талантты жастарға «Сыр үміті» сыйлығы берілді (ФОТО)
Қызылордада талантты жастарға «Сыр үміті» сыйлығы берілді (ФОТО)

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, дәстүрлі «Сыр үміті» сыйлығы 14-29 жас аралығындағы түрлі салада белсенділігімен көзге түсіп жүрген елдің үкілеген үміттеріне беріледі.
«2011 жылдан бастап өз ісінің көшбасшысы, нағыз патриот 120 белсенді азаматқа «Сыр үміті» сыйлығы табысталған болатын. Биыл да осы үрдіс жалғасын тауып, 30 жасқа лайықты құрмет көрсетілді. Олардың қатарында жетекші инженер, білікті дәрігер, халықаралық дәрежедегі спорт шебері мен өнерпаздар, ауылшаруашылығы саласының мамандары, сондай-ақ жас ғалымдар да бар», - делінген хабарламада.
Айта кетерлік жайт, «Сыр үміті» сыйлығының иегерлері арнайы дипломмен және 150 мың теңге көлемінде сыйақымен марапатталды.
Аймақ басшысы «Сыр үміті» жастар сыйлығының иегерлерін құттықтап, елімізде, оның ішінде облысымызда жастар саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын тілге тиек етті.
«Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Қазақстанды әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына қосуды мақсат етіп қойды. Ол елдердің экономикасы мен шаруашылығы, халықтың әлеуметтік жағдайы, білімі мен ғылымы едәуір алда. Бірақ олардың көпшілігінің бір үлкен осал жері де бар. Ол – жастарының аздығы. Ал біз болсақ, тез дамып келе жатқан аз ғана жас ұлттың қатарындамыз. Еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жасы 30-ға толмаған әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан белсенді жастар. Олардың дамуы, қоғамнан өз орнын табам деген талпынысы, Отаншыл ұстанымы мемлекеттің болашағын айқындайды. Біз жастарға үнемі қолдау көрсететін боламыз», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
-
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді
-
«Ел үміті» жалпыұлттық бастамасы аясында жүзеге асып жатқан жобалар
-
Елордалық жастарға жалға берілетін үйге қалай өтінім беруге болады
-
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді
-
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді
-
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді
-
Қазақстанда 33 мыңнан астам тұрғын үй пайдалануға берілді
-
Мемлекет басшысына сот жүйесінің қайта құрылуы жөнінде мәлімет берілді
-
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының қызметіне оң баға берілді
-
Түркістан: Мақтааралда тұрғындарға 100 мың теңгелік өтемақы берілді
-
Кеңесте білім беру жүйесіне ерекше басымдық берілді – Р.Кенжеханұлы
-
ШОБ өкілдеріне 160 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несиелер берілді
-
Бейсен Құранбек атындағы жастар арасында «Жігер» сыйлығы жарияланды
-
Мәжіліс «Парламент сөзі» сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)

