Ақмола облысында 10 күннен кейін егін жинау науқаны басталады (ФОТО)

13 Тамыз, 2015 09:13
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, ЖарқайыңЕгіндікөлжәне Астрахан аудандарына жұмыс сапарымен барғанда аудандардағы астық жинау науқанына дайындықтың барысын қарап, шаруалардың мәселелерін тыңдады.

Аудан әкімдігінен хабарлағандай, биыл облыс бойынша барлық дақылдар бойынша астық түсімі жақсы болады деп күтілуде. Өткен жаңбырлы жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ауа райы да қолайлы болып, астықтың бітік шығуына болысты. Бүгінде облыстың барлық серіктестіктерінің егістік алқаптарынан 15-тен 165 ц/га астық жиналады деп жоспарлануда.

Аталып өткендей, ағымдағы жылдың астығын жинауға 8466 бірлік комбайндар, оның ішінде 1129 шетелдік комбайндар жұмылдырылатын болады. Мемлекеттік бюджеттен осы бағытқа 77,0 мың тонна көлемінде жанар-жағар майдың кепілді көлемі бөлінген.

«Өзінің жұмыс сапары барысында Сергей Кулагин Зеренді ауданының "Химик", "Зеренді Астық", «Айсельжан», «Сенім Жер», «Викторовское», Сандықтау ауданының «Жабай», «Свободное», «Максимовское» Атбасар ауданының "Полтавка-2", «Шыңғыс», «Шуйское ХХІ», 
«Сочинское», «Сепе» Жақсы ауданының "Труд", «Новокиенка», «Каражон» Есіл ауданының "СХП Ғарыш" және "Тургайская СХС" "Азамат-2030", «Жаңа Жер», Жарқайың ауданының «Мадияр-К», «Атай» «Баур-агро», «Дихан-4», «Интернационал-Астана», «АБС Жаркол» жауапкершілігі шектеулі серікестіктерінің егістік алқаптарын қарап шықты. Облыс әкімі жиналған серіктестік басшылары мен агроном мамандарының болжамдарымен танысып өңір бойынша егістік жағдайының өте жақсы екендігін атап өтті» , - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, енді он күннен кейін облыс шаруашылықтары егін жинау науқанын бастайды.  басшысы аудан әкімдері мен барлық серіктестіктерге осы науқанның  сәтті өтуін тіледі.

Барлық жаңалықтар