• Басты
  • Жаңалықтар
  • Экономиканың 10 сектарын жасылдандырудағы әлемдік ЖІӨ-нің 2% жаһандық даму жүйесін өзгертеді

Экономиканың 10 сектарын жасылдандырудағы әлемдік ЖІӨ-нің 2% жаһандық даму жүйесін өзгертеді

12 Тамыз, 2015 19:06
БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасының бағалауына сәйкес әлемдік экономиканың 10 секторын жасылдандыруда әлемдік ЖІӨ-нің 2% жеткілікті. Бұл туралы «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында «G-Global «жасыл» экономика және даму» коалициясының басқарма төрағасы Салтанат Рахымбекова хабарлады.

С. Рахымбекова атап өткендей, «жасыл экономика» климаттың жаһандық өзгеруімен күрес және энерготиімділіктің артуы тұрғысында қарастырылады.

«Жаһандық экономиканы жеделдету және таза технологияға инвестиция құю тұрғысында өзгерту болжануда. Осылайша жаһандық табиғи апаттардың алдын-алуға болады», - деді ол.   

Сонымен, «жасыл» бағытты ұстану жаңартылмайтын энергия көздерін тұтынуды барынша азайтуды, энергияны үнемдеуге міндеттеуді көздейді. «Бұл шаралардың барлығы энергияға деген шығын мен сұранысты төмендетуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемдік экономиканың 10 секторын жасылдандыруда әлемдік ЖІӨ-нің 2% жеткілікті», - деді  С. Рахымбекова.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар