ИИДМБ: ҚР-да «Нұрлы жол» аясында өндірісті дамыту мүмкіндігі бар (ФОТО)

12 Тамыз, 2015 18:32
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа жұмыс орнын ашуға, өндірісті дамытуға мүмкіндіктер бар, жалпы бизнесті жүргізу үшін барлық жағдай жасалған, деді ИИДМБ-ның аясында іске қосылған «Bekem Plast», «КазПласт» компанияларының бас директоры Сергей Водько Strategy2050.kz. ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Біздікіндей ірі кәсіпорындар Елбасының көрегенді саясатының арқасында құрылуда, Мемлекет басшысы жақында ғана елге жаңа технологияларды әкелу қажеттігін айтқан болатын. Инвесторлар мен компаниялардың құрылтайшылары бұл мәселені жақсы түсініп отыр. «Казпласт» ЖШС 2011 жылы ыдыстар, бактар, конус, балалар ойын кешендері сияқты өзге де көптеген полиэтилен бұйымдардың өндірісінің желісін жолға қойды. Аталған бұйымдар коммуналдық шаруашылықта, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және құрылыста көп қолданылады, сондай-ақ олар тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктеріне де жарайды»,-деді С.Водько.

Өз кезегінде «Bekem-Plast» ЖШС-і өз қызметін 2013 жыл бастаған болатын.

«Bekem-Plast» ЖШС-і полипропиленнен гофрирленген, екіқабатты «OPTIMA» құбырларын шығару желісін жолға қойды. «КазПласт», «Bekem-Plast» компанияларының барлық өнімдерінің сапасы өте жоғары, өйткені олар заманға сай құрылғымен шығарылуда. Бүгінде әлемде аталған өнімдерді заманға сай технологиямен шығарып отырған небәрі 3 зауыт бар. Олар Қазақстанда, Араб Әмірліктерінде және Италияда. Бұрындары еліміз осыған ұқсас бұйымдарды Қытай, Ресей және Еуропадан алып келген»,-деді бас директор.

Оның сөзінше, біздегі 2 зауыттың қуаты жылына 7 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. «Мен өз жұмысыма байланысты көптеген мемлекеттердің түрлі саласының өкілдерімен, соның ішінде кәсіпкерлермен де жиі кездесуіме туралы келеді. Ал, өзге елдердің өкілдері Қазақстанда бизнесті дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер жасалғандығын растап отыр»,-деді С.Водько.

Ботагоз Айтжанова

Фото Азамат Алиев

Барлық жаңалықтар