• Басты
  • Жаңалықтар
  • ШҚО-да «БЖК -2020» БДҚББ бойынша гранттық қаржыландыруға өтініштер жинау басталды

ШҚО-да «БЖК -2020» БДҚББ бойынша гранттық қаржыландыруға өтініштер жинау басталды

13 Тамыз, 2015 08:54
ШҚО –ның кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық дамыту басқармасы «БЖК-2020» бизнесті дамыту және қолдаудың біріңғай бағдарламасы бойынша гранттық қаржыландыруға өтініштер жинаудың бастады, деп хабарлады «Даму» қоры.

Аталып өткендей, байқаудың мақсаты: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, тәжірибелі кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға өз істерін ашуға мемлекеттік гранттар беру.

Естеріңізге сала кетейік, өтініш берушілер үшін гранттың ең көп соммасы 3 000 000 теңге. Бизнеске тартылған, өтініш берушінің өзінің жобасы бойынша қажетті қаржыландыру көлемінен 10 %-дан кем емес, қаржылай немесе мүліктей қайта қаржыландыру көлемі қажет.

Қарауға ұсынылған жобалар экономиканың басым секторларын канағаттандыруы тиіс, ал өтініш берушілер болса, бағдарлама аясында оқыған компоненттер бойынша міндетті түрде сертификаттары болуы керек.

Барлық жаңалықтар