• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қырғызстанмен кедендік шекараның ашылуы туризмнің дамуына оң әсер етеді– депутат

Қырғызстанмен кедендік шекараның ашылуы туризмнің дамуына оң әсер етеді– депутат

12 Тамыз, 2015 17:56
Қырғызстанмен кедендік шекараның ашылуы туризмнің дамуына оң әсер етеді, деп ағынан жарылды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

«Шекара ашық, нәтижесінде қазақстандық қырғызстандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Өздеріңіз білетіндей, көптеген қазақстандықтар Ыстық-көлде демалуды ұнатады, алайда шекарадан өту мәселесі көптеген азаматтарға тосқауыл болатын, сондықтан бұл екі жаққа да бірдей тиімді», - деді депутат.

Сонымен қатар, М. Казбекова шекараның ашылуы ашық бәсекені дамытуға әсер ететіні сөзсіз, себебі көрші елден арзан тауар және еңбек күші ағылатын болады, деп баса айтты.

Жалпы, депутаттың пайымынша, шекараның ашылуы қос елге де бірдей тиімді

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар