• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті балық шаруашылығының ғылыми зертханасында болды

Мемлекет басшысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті балық шаруашылығының ғылыми зертханасында болды

24 Қазан, 2013 09:46
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің балық шаруашылығы ғылыми зертханасында болды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы қара уылдырық және тауарлы бекіре өндіру бағытындағы бекіре тұқымдас балықтарды тұйық суда өсіретін ғылыми-технологиялық өнеркәсіптік аквакешенмен танысты», - деп хабарламада нақтыланған.

Ғылыми зертхана қызметі технологияларды жетілдіру және жаңа технологиялық шешімдер негізінде индустриялық аквамәдениетті әзірлеу мен игеру аясында жүзеге асырылуда. 

Зертхананың жобалық қуаты – жылына 8 тонна қара уылдырық және 86 тонна бекіре өндіру.

 

Барлық жаңалықтар