- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да экспорт алдындағы қаржыландыруға 15 млрд теңге бөлу жоспарлануда – ИДМ
ҚР-да экспорт алдындағы қаржыландыруға 15 млрд теңге бөлу жоспарлануда – ИДМ

Ведомстводан хабарлағандай, Өнімдердің аталған түрі экспорттық, экспорт алдындағы және лизингті пайдалануды ұсынады. Отандық өндіруші экспорттаушылар үшін атаулы ставкасы жылына 6% дейін, лизинг бойынша – жылына 4%-дан артық емес соманы, несиенің жалпы сомасы – бір қарыз алушы үшін 10 млрд. теңгеге дейін, қарыз алу мерзімі – 20 жылға дейінгі мерзімді құрайды.
Осы мақсаттар үшін ҚР Үкіметі ағымдағы жылы өңдеуші өнеркәсіп саласында қазақстандық экспорттаушыларды қолдау үшін 35 миллиард теңге бөлді.
Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің айтуынша, сауда экспорттау қаржыландыру ағымдағы жағдай үшін әсіресе өзекті болып табылады, себебі қазақстандық компаниялардың экспорт жеткізілімін сақтауға және көлемін арттыруға мүмкіншілік береді.
«Бүгінгі күні «KAZNEX INVEST» АҚ мен Қазақстанның Даму банкі экспорттаушы компаниялардан өтініштерді қарауда, олардың бірнешеуі бірінші қаржыландыруды алып үлгерді. 20,1 млрд. сомадағы экспорт алдындағы қарыз қаражатын «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасы, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС және «Арселор Миталл» АҚ алып үлгерді, - деп атап өтті Әсет Исекешев.
Өскемен титан-магний комбинаты шығарған құймалар мен қорытпалар қайта өңдеген соң еуропалық Airbus компаниясының ұшақтарының құрылысы үшін пайдаланатын болады. Баян Сұлу кондитерлік өнімі Ресейге экспортқа жіберіледі,RG Brands халық тұтынатын тауарлары Орталық Азия елдерінің нарығына жеткізілетін болады. «KAZNEX INVEST» АҚ Басқармасының төрағасы Бөрісби Жанғоразов атап өткендей, аталған өтінімдер ағымдағы жылы «KAZNEX INVEST» АҚ ұйымдастырған таныстыру іс-шараларының және көрмелердің, сауда миссияларының қорытындылары бойынша жиналды. «Біз қазақстандық кәсіпорындардың аталған құралға үлкен қызығушылық танытқанын көріп отырмыз. Сондықтан осы жылы қосымша экспорт алдындағы қаржыландыруға 15 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр», - дедід Бөрісби Жанғоразов.
«Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық саясатының аясында қазақстандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында Қазақстанның Даму Банкі қолдау аясында RG Brands компаниясына 3 жыл мерзімге жылына 6% ставкамен 3 млрд. теңге көлемде несие желісін берді. Несие Ресей және Орталық Азия аумағында өнім экспортын дамытудың орта мерзімді бағдарламасын орындау үшін компанияға ұсынылды», - деп атап көрсетті «RG Brands Kazakhstan» бас қаржы басқарушысы Ағыбаев Асхат.
Сонымен бірге, «KAZNEX INVEST» АҚ экспорттық, экспорт алдындағы, лизингті қаржылық қолдауды пайдаланғысы келген экспорттаушы компаниялардан өтінімдерді жинауды жалғастыруда. Бүгінгі күні Қазақстанның Даму банкінде «KAZNEX INVEST» АҚ жіберген 12 отандық өндіруші жіберген өтінім қаралуда. Кәсіпорындардың ішінде локомотивтерді, дөңгелек құбырларды, өсімдік майын, болат дайындамаларды, арматураларды, ферросиликомарганецті, глиноземді, аммиак селитрасын, сары фосфорды, кальций карбиді мен басқа дайын өнімді шығарушылар бар.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан
-
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі
-
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді

