• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Хоргос» құрғақ портының операторы инвесторлармен ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

«Хоргос» құрғақ портының операторы инвесторлармен ынтымақтастық орнату туралы меморандумға қол қойды (ФОТО)

12 Тамыз, 2015 16:11
Алматыға «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС-ның бас директоры Карл Гейсеннің жұмыс сапары аясында алғашқы инвесторлармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Баспасөз қызметінен хабарлағандай,  «KTZE – Khorgos Gateway» ЖШС-ның бас директоры Карл Гейсен  құрғақ порттың жұмысымен танысуға келгендерге жан-жақты мәлімет беріп, болашаққа деген жоспарлармен бөлісті.

Атап өткендей, өткен аптада «KTZE – Khorgos Gateway»ЖШС мен «Заря LTD» ЖШС арасында Құрғақ портта қабылдау үшін жинақтаушы-тасымалдаушы элеватордың құрылысы туралы келісімге қол қойылды.  

Бұдан басқа, «Eurasia Trans Team» компаниясымен меморандумға қол қойылды. Құжат  «Хоргос - Шығыс қақпасы» АЭА аумағында логистикалық аймақты дамытуды көздейді.  

Сонымен қатар, «Capital Investment Fund» ЖГС сұйытылған табиғи газды ауыстырып тиеу туралы меморандумға қол қойылды.

Бүгінде DHL, DB Schenker, Toyota Tsusho Co., SENKO және өзгеде халықаралық деңгейдегі компаниялармен серіктестік орнату туралы келісімдер жүргізілуде. 

Барлық жаңалықтар