• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО аясында Қырғызстанның алдында жаңа табысты мүмкіндіктер ашылады – саясаттанушы

ЕАЭО аясында Қырғызстанның алдында жаңа табысты мүмкіндіктер ашылады – саясаттанушы

12 Тамыз, 2015 15:54
Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қоя отырып оның өзгеде мүшелеріне қарағанда анағұрлым пайдалы ұсыныстар алады, деп ағынан жарылды сарапшы-саясаттанушы Данияр Әшімбаев «Strategy2050.kz» АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Жалпы кедендік кедергілерді алып тастаудың өзі бизнестің, инвестициялық ресурстардың, тасымал әлеуетінің және туризмнің т.б.  дамуына септігін тигізеді. Осы ретте, Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісімге қол қоя отырып оның өзгеде мүшелеріне қарағанда анағұрлым пайдалы ұсыныстар алатынын түсінген жөн», - деп атап өтті сарапшы.
Саясаттанушының пайымынша, Қырғызстан өзге елдерден инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болып отыр, оның үстіне еңбек мигранттарының мәселесіде шешімін тапты. Сондай-ақ, Қырғызстан шағын және орта бизнес саласында елеулі жетістіктерге жетуде. «Біз қазақстандық нарықта қырғыз өнімінің онсызда көп екенін білеміз, ал мына келісім біздің тұтынушыларға өнімін толық қорғауға мүмкіндік береді», - деді Д. Әшімбаев.

Оның үстіне, саясаттанушының пайымынша, Қазақстан үшін Қырғызстанмен шекараны ашу жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады. «Экономиканың ашықтығы принціпіне сүйене отырып біздің кәсіпорындар өз құқығын жүйелі түрде қорғай алады», - деп түйді сарапшы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар