• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сарапшылар ҚР-ның «ҚХА туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жасақтауды ұсынуда

Сарапшылар ҚР-ның «ҚХА туралы» заңына өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жасақтауды ұсынуда

12 Тамыз, 2015 15:21
ҚР Әділет министрлігі, Заңнама институты Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бірлесіп «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын басшылыққа ала отырып Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынасты реттеу бойынша ұсыныстарын дөңгелек үстел барысында хабарлады.

Сарапшылар ҚР-дағы этносаралық қарым-қатынасты құқықтық реттеу мәселесін талқылап, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын басшылыққа ала отырып және ҚР-ның «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңды жетілдіру қажеттілігін ескеріп өз ұсыныстарын жасады.

Жалпы, ҚХА Ассамблеяның қызметін жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды сараптауды және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР-ның заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасының тұжырымдамасын жасақтау қажеттілігін мойындау  ұсынылды.

Сонымен қатар, Ассамблеяның этномәдени бірлестіктерінің, ұлттық, халықаралық оқу, ғылыми-сараптамалық, мемлекеттік емес және құқық қорғау органдары, сонымен қатар Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан сайланған депуттар аталмыш процеске белсенді атсалысуға шақырылды

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар