- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Кешубаев: Қазақстанда жекеменшік түрмелер салынбайды
Ж.Кешубаев: Қазақстанда жекеменшік түрмелер салынбайды
«Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесі үшін мемлекеттік-жеке серіктестік түрі барынша оңтайлы болып отыр. «Алдын ала іріктеп алынған модель мынадай: Бұл салу және пайдалануға беру. Біріншіден, жеке инвестор келісімшартқа сәйкес өз қаржысы есебінен түзеу мекемесін салады. Екіншіден, құрылыс жұмыстары аяқталған соң концессионер нысаны толықтай дайын күйінде мемлекетке тапсырылады. Үшіншіден, мемлекет жазаларды орындау, мекеме ішіндегі сотталушыларды қадағалау, сонымен бірге түзеу мекемесінің төңірегін күзету қызметін толық көлемде жүзеге асырады концессионерге (инвесторға) келісімшартқа сәйкес инвестициялық шығындары кезең-кезеңімен қайтарылатын болады. Сонымен қатар ол аталған нысанда келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін өндірістік-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыруын жалғастырады», - деп түсіндірді Ж. Кешубаев.
ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев атап өткендей, бұл ретте концессионерге тәуекелдерсіз кепілдендірілген жоба барынша тиімді. Ол түзеу мекемесі базасында бәсекеге қабілетті өнім шығарады, жаңа өндіріс орындарын ашады, өндірістік алаңдарды бергені үшін жалдау ақысын алады, өндірілетін өнім мемлекеттік тапсырысқа ие болады. Яғни, жасалған келісімшарт негізінде киім-кешек, төсек жабындылары сынды бұйымдарды жеткізіп тұрады.
«Мемлекет үшін басты табыс сотталғандарды қамау үрдісі халықаралық стандарттарға сәйкестендірілуінде», - деп баса айтты Ж. Кешубаев.
Кешубаевтың айтуынша, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде түзеу мекемелерінің құрылысын жүргізу жайында сөз қозғалған. Қазіргі уақытта Астанада (тергеу орны), Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті әкімдіктер тарабынан түзеу мекемелерін салуға жер телімдері бөлінген. Осы ретте Ішкі істер министрлігі еліміздің Ұлттық экономика министрлігіне аталған облыстарда түзеу мекемелерінің құрылысына қатысты инвестициялық ұсыныстар жіберген.
«Қалай болған жағдайда да, дербес түрмелер салу туралы сөз қозғалған емес. Мен бұл мәселеге әдейі назар аудартып отырмын. Өйткені, жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жекеменшік түрмелер салынбақ деген ақпараттар жарық көрді. Бүгінгі таңда жекеменшік түрмелер ұстау туралы сөз қозғалып отырған жоқ», - деп түйді Ж.Кешубаев.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады