• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да халықаралық стандарттар бойынша түзету мекемелері камералық қамауға көшеді

ҚР-да халықаралық стандарттар бойынша түзету мекемелері камералық қамауға көшеді

12 Тамыз, 2015 13:39
ҚР Ішкі істер министрлігі жасақтық-барак қамау түрінен камералық қамауға көшуді ұсынды, деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Елбасы Ұлт жоспары 100 қадамда пенитенциарлық инфрақұрылымды мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жаңғыртуды ұсынды. Жалпы еліміздегі түзету мекемелері 30, 70 жылдары салынған, онда бір ұйықтайтын бөлмеде 50-60 адамнан орналастырылады. Бастапқыда кеңестік түзету мекемелері түрлі нысандар үшін салынған», - деп түсіндірді ол ОКҚ-дағы баспасөз конферениясында.

Кешубаев атап өткендей, онда мекеменің басты мақсаты күшті өндірістік базаны жасақтау болатын, сондықтан олар түзету-еңбек колониясы деп аталатын.

«Барлық колонияларда сотталғандар 100-150 адамға есептелген барактарда тұрды. Сондықтанда ҚР Ішкі істер министрлігі жасақтық-барак қамау түрінен халықаралық стандарттар бойынша камералық қамауға көшуді ұсынды Аталмыш мәселені шешуде мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде», - деді ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар