• Басты
  • Жаңалықтар
  • СҚО-да экологиялық таза қатты отын өндіру бойынша инновациялық жоба іске қосылды – ҰКП

СҚО-да экологиялық таза қатты отын өндіру бойынша инновациялық жоба іске қосылды – ҰКП

12 Тамыз, 2015 12:01
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бескөл ауылында «Ахмутдинов» ЖК базасында ағаш өңдеуден қалған қалдықтардан пеллет-брикет өндіретін зауыт ашылды, деп хабарлады ҰКП.

Кәсіпорынның бас директоры Сермухамет Ахмутдинов хабарлағандай, түйіршектер экологиялық таза қатты отын болып табылады. Қуаттылығы жағынан олар көмірмен пара-пар. Пеллетті жасау үшін шикізат ретінде ағаш өңдеуден қалған қалдықтар пайдаланылады.

СҚО Палатасы директорының орынбасары Марат Ысқақовтың айтуынша, С.Ахмутдинов – аймақтағы ағашты қайта өңдеу саласындағы ең ірі кәсіпорын. Онда 50-ден астам түрлі ағаш өнімдері өндіріледі. Кәсіпкер қалдықсыз өндірісті біл жолға қойды, ол өз кезегінде 12 жаңа жұмыс орнын ашуға сеп болды.

Заманауи технологиямен жабдықталған зауыт сағатына 700 кг экологиялық таза қатты отын өндіреді, ал айына 100 тоннаға дейін брикет отынын өндіреді. 

Барлық жаңалықтар