- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында 70 білім беру нысанына 853,4 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Павлодар облысында 70 білім беру нысанына 853,4 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Облыстық білім беру басқармасының ақпары бойынша, биылғы жылы 70 білім беру нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Олардың ішінде 22-сі – «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде, ал 48-і- жергілікті бюджет есебінен. Барлығы 9 балабақша, 58 мектеп және басқа типтегі 3 мекемені күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.
Білім беру ошақтарын жөндеуге 853,4 млн. теңге бөлінген, оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша – 498,1 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен – 355,3 млн.теңге.
Айта кетерлік жайт, 8 білім беру мекемесінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, 25 тамызға қарай тағы 8 нысандағы жұмыстар аяғын таппақ.
Жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізілген 48 нысанның 25-інде жұмыстар аяқталды, 15-інде жұмыстар кестеге сәйкес жүруде, олардың 10-ында жұмыстардың 80%-дан астамы атқарылған.
Биылғы жылы облыс мектептеріне 589 жас маман жолдама алды, 5 тамыздағы жағдай бойынша олардың 332-сі келіп жетті, жаңа оқу жылының басына дейін қалған мамандар жұмыс орындарына орналасады деп күтілуде.
Аймақтың білім беру ошақтарына 593 млн. теңге сомасына 773,3 мың дана оқулық толық көлемде жеткізілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары