- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының ЗЖБИ зауыты үй салу комбинатын құруға жаңғыртылды
Павлодар облысының ЗЖБИ зауыты үй салу комбинатын құруға жаңғыртылды
Аталып өткендей, жылдық қуаты 40 мың шаршы метр тұрғын үйді құрайтын, ал болашақта жылдық қуаты 100 мың шаршы метрге дейін ұлғаяды деп күтілетін жаңа кәсіпорын құрылыс материалдарын ірі жасап шығарушысы ғана емес, сондай-ақ аймақтағы сапалы және қолжетімді тұрғын үйдің ірі құрылысшысы болмақ.
Комбинаттың негізгі өнімін «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ және басқа да жобалау институттары әзірлеген үлгілік жобалар бойынша жинамалы-монолиттік каркастық үй салу технологиясы бойынша нысандар салуға арналған темір-бетон бұйымдар құрайды.
Комбинатта бүкіл әлем бойынша жинамалы темір-бетон технологиясын кешенді енгізу жағынан көшбасшы деп танылған «ELEMATIC» атты фин компаниясының жабдығы орнатылған.
Сондай-ақ үй салу комбинаты негізінде ені 1500 мм болатын плиталарды, колонналарды, ригельдер мен арқалықтарды, үш қабатты сыртқы панельдердің өндірісіне арналған бұрылыс үстелдерін және тағы басқа да бұйымдарды жасап шығаруға арналған палубасыз үлгілеу желісі іске қосылған.
Кәсіпорында 100-ден астам жұмыс орны құрылған. Жобаны іске асыруға 1 млрд. 332 млн. теңге қаражат жұмсалған.
Одан басқа, бүгін Павлодар қаласы әкімдігі мен «ЗЖБИ Темір Тас Павлодар» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Қол қойылған құжат аясында екі тарап Павлодар қаласында 1 шаршы метрі 145 мың теңгеден қымбат емес сапалы да қолжетімді тұрғын үй салу жөнінде келісті.
«ЗЖБИ Темір Тас Павлодар» ЖШС жуық арада «Сарыарқа» шағын ауданының (Алюминстрой) тұрғын үйлерін салуға атсалысады деп күтілуде.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады