- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада балалар ауруханасы салынуда
Қызылордада балалар ауруханасы салынуда
«Өткен жылы іргетасы қаланған балалар ауруханасы 200 адамға арналған. 6,8 гектар жерді алып жатқан нысан заманауи үлгідегі 4 негізгі бөліктен тұрмақ. Ауруханаға жеке подстанция орнатылып, табиғи газбен жылытылады деп күтілуде. Қажет болса, сұйық отынға ауыстыруға да мүмкіндік бар», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, медициналық орталықтан шыққан қалдықтарды залалсыздандыру мәселесі де назардан тыс қалмаған. Ол үшін арнайы құрылғы қойылады. Онда қалдықтардың көзі жойылғанымен, ауаға зиянды қалдықтар тарамайды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін жедел жәрдем мәселесі де шешілмек.
Аурухана базасында 10 көлікке арналған автотұрақ салынып, кем-кетіктерін жөндейтін орын да жабдықталмақ. Бұл өз кезегінде «103» қызметін жақсартып, жедел жәрдемнің науқастарға уақытылы жетуіне жол ашпақ. Сонымен қатар, мамандар аурухана ішінде де аналар мен балаларға жайлы жағдайды қалыптастыруға барын салуда.
Ғимарат заманауи талаптарға жауап беріп, ақ халаттылар сапалы, жүйелі қызмет көрсететін болады. 12 бөлімнен құрылатын медициналық нысанда жалпы хирургия бөлімінің, аллерголог, уролог, тіпті күрделі жарақаттарды емдейтін нейротравматолог мамандар жұмыс жасайды деп күтілуде. Жасалған жобаның бұдан өзге де артықшылықтарыжетерлік. Онда әр бөлмеге суға түсетін орын да қарастырылған. Ал балалардың көңілін аулап, қатарға тез қосу мақсатында арнайы ойын бөлмесі қажетті жиһаздармен жабдықталатын болады.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
1 маусым: Балалар құқығы қалай қорғалып жатыр -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
Қазақстанда аутизм диагнозы бар балалар көбейді -
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады