• Басты
  • Жаңалықтар
  • Құтқару қызметтерінің халықаралық оқуларда теміржолда орын алған ТЖ жоюға дайындығы тексерілді

Құтқару қызметтерінің халықаралық оқуларда теміржолда орын алған ТЖ жоюға дайындығы тексерілді

11 Тамыз, 2015 19:47
Жамбыл станциясының өртке қарсы және пойызды қайта қалпына келтіретін жұмысшыларының «Химиялық қауіпсіздік - 2015» халықаралық оқуларда теміржолда орын алған ТЖ жоюға дайындығы тексерілді , деп хабарлады «ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметі.

Аталып өткендей, оқулардың тәжірибелік бөлігі «Қасфосфат»ЖШС зауытының теміржол жолдарында өткізілді.

Республикалық командалық-шитабтық оқуға Тараз қаласының ТЖД бөлімдерінің, медицина саласының 150 маманы қатысты.

«Біздің қызметтер жақсы тексерістен өтті. Мұндай оқулар өте тиімді және жиірек өткізіліп тұрғаны жөн», - деді Жамбыл облысы жолдар бөлімі арнайы бөлімнің бастығы Қайрат Ахаев.

Барлық жаңалықтар