- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда алғашқы жартыжылдықта 62,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды
Ақтауда алғашқы жартыжылдықта 62,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынды
Аталып өткендей, Өткен жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 80% артық өсті. Тұрғын үйлер салушылардың өз қаражатына енгізілді.
«2015 жылы «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы жалғасуда. Мәселен, жыл соңында 32А шағын ауданында ыңғайлылықтың IV дәрежесіне жататын үш 120 пәтерлі тұрғын үйдің біреуі жергілікті атқарушы органның кезекте тұрған қызметкерлеріне қолданысқа беріледі», - делінген хабарламада.
Ал, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі арқылы 33 «Аққу» шағын ауданында сметалық құны 8,1 млрд. теңгеге тұрғындардың барлық категорияларына көпқабатты үйлер мен қалалық маңызы бар объектілер құрылысы басталды. Жоба бойынша жалпы тұрғын көлемі 54,6 мың шаршы метр немесе 747 пәтер. Нысанды 2016 жылы тапсыру көзделуде. Бұдан басқа 32А шағын ауданда сомасы 661,3 млн. теңге болатын III дәрежелі 120 пәтерлік тұрғын үй құрылысы аяқталуда, қолданысқа беру мерзімі 2015 жылдың қыркүйек айы. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екінші бағыты бойынша жас отбасыларға арналған 60 пәтерлі екі тұрғын үй құрылысы аяқталуда (ыңғайлылықтың IV дәрежесі). Құрылыстың сметалық құны 608,4 млн. теңге.
«32А шағын аудандағы тұрғын үйлерді уақытында тапсыру үшін жедел түрде магистральді сыртқы желілер – жылумен қамтамасыз ету, газбен жабдықтандыру, телефон байланысын жүргізу және инженерлік желілер – су тарту, кәріз жүйесін жүргізу, газбен жабдықтандыру, телефон байланысын тарту, автокөлік жолдарын төсеу, жол аймақтары мен тротуарларды салу жүріп жатыр. Құрылыстың жалпы құны 1,3 млрд. теңге, ҚР Ұлттық қорынан 1 млрд. теңге трансферт бөлінді, - делінген хабарламада Ақтау қалалық құрылыс бөліміне сілтеме жасай отырып.
Айта кетерлік жайт, «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылы қолданысқа 32А шағын ауданда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бағыты бойынша 40 және 60 пәтерлі тұрғын үйлер, үш 100 пәтерлі тұрғын үй берілді. Нысандардың жалпы сметалық құны 2,2 млрд. теңгені құрады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері