«Авиадартс-2015»-те қазақстандық команда екінші орын алды (ФОТО)

11 Тамыз, 2015 19:12
«Авиадартс-2015»-те қазақстандық команда жалпы есепте екінші орын алды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Барлығы сайысқа Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Қытайдың төрт мемлекетінен 104 ұшақ пен тікұшақта 57 команда қатысты. Жалпы есепте бірінші орында Ресейдің ұшқыштары, екінші орында Қазақстан, үшінші орынға Қытай тұрақтады.  

Сайыс бес аталым бойынша өткізілді, оның ішінде шабуылдау авиациясы, жойғыш авиация, маңдайшептік бомбалаушы авиация, көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың армиялық авиациясы, жауынгерлік тікұшақтардың армиялық авиациясы, қашықтық авиация, әскери-көлік авиациясы, сондай-ақ жоғары пилотажды авиациялық топтар мен пилотаждық топтың дара экипажына арналған байқаулар өтті.

Қазақстан үш аталым бойынша қатысты. «Жойғыш авиация» аталымында Ресей Федерациясынан Су-30СМ, МиГ-29СМТ және Су-27СМ ұшақтарында бір-бір команда, МиГ-29 бен Су-27 ұшақтарында Қазақстан Республикасынан бір-бір командадан қатысты. Нәтижесінде бес команданың ішінен МиГ-29 қазақстандық жұп екінші орын, ал Су-27 командасы төртінші орын алды.

«Көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың армиялық авиациясы» аталымында Қазақстан Республикасынан Ми-8 тікұшағында бір команда қатысты.  Ресей Федерациясынан Ми-8 тікұшағында 4 команда. Нәтижесінде бес команданың ішінен қазақстандық жұп екінші орынды қанжығасына байлады.

«Шабуылдау авиациясы» аталымында Су-25 ұшағында Қазақстан Республикасынан үш команда, Су-25СМ ұшағында Ресей Федерациясынан үш команда, Су-25СМ ұшағында Беларусь Республикасынан бір команда қатысты. Мұның барлығы жалпы есепте Қазақстан ӘӘК ұшқыштарына жалпы командалық екінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Жарысқа «3-сыныпты ұшқыш» біліктілігі бар жас ұшқыштар ғана қатысқанын атап өту қажет.
 

Барлық жаңалықтар