Астана соты «Сот кабинеті» жаңартылған бағдарламасын таныстырды

11 Тамыз, 2015 17:14
Астана соты өзінің «Сот кабинеті» сервисіне енуге мүмкіндік беретін бірыңғай интернет-терезесін таныстырды.

«Сот кабинеті»  - сервисіне енуге мүмкіндік беретін бірыңғай интернет-терезе. Сайт қызметін пайдаланғысы келген тұлғаның электронды сандық қолтаңбасы болуы қажет. Сот кабинетіне тіркелгеннен кейін пайдаланушыға талап арыздарды, бұйрықтарды, ерекше талап арыздағы сот актілерін, құжаттарды беру, төлем чектерін қарау   қызметтері қолжетімді болады», - деді сөз басында Астана қаласы сот кеңсесі жетекшісінің орынбасары Арман Ибрагимов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, үйде компьютерде отырып-ақ кез келген адам әр уақытта осы портал арқылы талап арыз бере алады. Яғни, талап арыз беру айтарлықтай жеңілдейді.

Сот баспасөз қызметінің түсіндіруінше, сервис көмегімен сот органдарына электронды пошта арқылы жүгінуге де мүмкіндік бар. Бұл ретте азаматтар өз хатының сот органдарына жеткеніне толық сенімді болады. 

Бағдарлама Қазақстанның барлық аймағында жұмыс істейді, ол соттарға, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарға арналған.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар