• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының өндірістік компаниялары 102 млрд теңгенің тауарын өндіріп, қызметін көрсетті

Қарағанды облысының өндірістік компаниялары 102 млрд теңгенің тауарын өндіріп, қызметін көрсетті

11 Тамыз, 2015 17:49
Қарағанды облысының өндірістік компаниялары 102 млрд теңгенің тауарын өндіріп, қызметін көрсетті – бұл алдағы аймен салыстырғанда 3,4%-ға артық, деп хабарлады ranking.kz мониторинг агенттігі.

2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында аймақтың өндірістік кәсіпорындары 613,9 млрд  теңгенің тауарын өндіріп, қызметін көрсетті.

Ең жоғарғы көрсеткіш наурыз айында байқалды - 115,6 млрд теңгенің  өндірістік өнімі өндірілді.

«Соңғы жылдары аймақтағы өндірістік өнім көлемі тұрақты  өсім көрсетіп келеді. Қарағанды облысының 2014 жылғы қорытындысы бойынша 1,44 трлн теңгенің  өндірістік өнімі өндірілді – бұл бір жыл бұрын көрсеткіштен 9%-ға, ал 2014 жылдан шамамен 40%-ға артық.», – делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар